Вирустың алдын алу шаралары аймақтарда да жан-жақты пысықталуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вирустың алдын алу шаралары аймақтарда да жан-жақты пысықталуда

10.03.2020

Елімізде де коронавирустың алдын алу шаралары күшейтілді. Қауіпті індет дендемеуі үшін шет мемлекеттерден келген әрбір адам бақылауға алынып, денсаулығы жіті тексеріліп жатыр. Қазір, аймақтарда құрылған арнайы жұмыс топтары эпидемиялық ахуалды ұдайы назрда ұстап отыр.

Солтүстік Қазақстан облысында сырттан келген 15 адам оқшауланды. Тексеруден кейін олардан ауру белгілері анықталған жоқ. Бірақ, дәрігерлер 14 күнге дейін тұрғындардың жай-күйін бақылауда ұстайды.

Қызылордада барлық оқу орындары мен балабақша, мектептерге медициналық антисептиктер орнатылды. Сондай-ақ, коронавируске күдікті адамдарды оқшаулайтын 100 орындық ғимарат әзірленді.

Алматы облысында да індетке қарсы сақтық шаралары күшейді. Шекара бойындағы алты кедендік бақылау бекетінен бірде бір жан тексерусіз өтпейді.

Әділбек СЕРІКҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу