УЕФА коронавирусқа байланысты матч алдында қол алысу дәстүрін өткізуге тыйым салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

УЕФА коронавирусқа байланысты матч алдында қол алысу дәстүрін өткізуге тыйым салды

09.03.2020
УЕФА коронавирусқа байланысты матч алдында қол алысу дәстүрін өткізуге тыйым салды

Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) матч басталар алдындағы қол алысу дәстүрлі шарасын өткізуге тыйым салды. Мұндай шешім Еуропада коронавирустың таралуына байланысты қабылданып отыр. 

УЕФА бұл шешім барлық ойындарға қатысты болатынын және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңестеріне сәйкес келетінін атап өтті. 

Еуропада коронавирусты жұқтырудың ең көп оқиғасы Италияда тіркелген. Бұл елде 366 адам вирустың құрбаны болды. 7375 адам індет жұқтырған.

rsport.ria.ru


Хабарламаларға жазылу