Нұра елді мекеніндегі 600 отбасына күніне 2-ақ сағатқа су беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұра елді мекеніндегі 600 отбасына күніне 2-ақ сағатқа су беріледі

06.03.2020

Алматы облысында тұтас бір ауыл ауыз суға жарымай отыр. Еңбекші қазақ ауданына қарасты 600 ошағы бар Нұра елді мекенінің тұрғындары тіршілік нәрін кезекте сағаттап тұрып алуға мәжбүр. Ауылдағы айналдырған 3 суағар күніне екі ақ сағатқа қосылғандықтан, бір бірімізбен жаға жыртысуға дейін баратынын айтады олар. Ал аймақ басшылары құбыр жүргізуге 2013 жылдан бері қаражат бөлінбей отырғанын айтады.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу