Жүрмейтін ескі көлік те кіріс көзі. Тек темір-терсекке өткізбей, өңдеуге жіберу керек. Осылай жасап пайдаға кенелгендер де бар. Алайда көпшілігі қаржылай сыйақыға немесе жеңілдік сертификатына ие болу жолын біле бермейді.
Қарағандыда жыл басынан бері 7 мың машина қайта өңделген. Ал елде тозығы жеткен көлік көп. Оны темір-терсекке өткізгеннен, кәдеге жаратқан екі жаққа да тиімді. Көлік иелеріне таңдау да беріледі.
Бүгінге дейін 78 мың адам қаржылай сыйақыға ие болды. Ал 48 мыңдай азаматқа отандық көлік сатып алуға жеңілдік сертификаты табысталды. Жалпы кәдеге жарату жүйесі үш мәселені шешіп отыр.
Елде ескі көліктердің қалдықтарын өңдейтін кәсіпорын жетерлік. Сондықтан тозған көлігі бар тұрғындар ұрымтал тұсты ұтымды пайдаланып, өзіне де, өндіріске де көмегін тигізе алады.
Нысаналы ЫҒЫЛ