Ұлыс күнін ұмыт қалдырдық па? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыс күнін ұмыт қалдырдық па?

04.03.2020

Ұлыс күнін ұлықтаудың орнына ұмыт қалдырдық. Әз Наурызға аз қалса да қалаларда қарбалас жоқ. Мүлгіген тыныштық. Тіпті, елімізде жаңа жылдың елесі әлі есіп жүр. Елорда әкімдігінің алдындағы безендірулер бүгін ғана алынды.

Тапсырма түскен соң түске дейін жылтырақтарды жұлып, жапсырмаларды жыртып үлгерген. Бірақ біз барғанда сырғанақты әлі бұзып жатты.

 Солтүстікте де солай. Петропавл тіпті қысқы мейрамды қимай отырған секілді. Жаңа жылда көшені жарқ-жұрқ еткізген шахар ұлық мейрамды ұмыт қалдырған.

Тіпті, қазақылығы басым Шымкентте де мерекелік шырай жоқ. Бұл – рухани әлсіздіктің кеселі екенін айтады тарихшы-демограф.

Елорда әкімдігіне хабарласқан едік естерін енді жиып жатыр ма, мерекеге келер апта кірісетінін айтты. Бірақ бұл барлық қалада жылда қайталанатын жағдай.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу