Коронавирусқа байланысты Ақтау мен Құрық порттарының жұмысы шектеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирусқа байланысты Ақтау мен Құрық порттарының жұмысы шектеледі

04.03.2020

Ертеңнен бастап Ақтау және Құрық теңіз порттарына Иран мен Әзербайжаннан қатынайтын кемелерге ішінара шектеу қойылады. Нақтырақ айтқанда, осы екі елден жолаушылар мен көлік әкеле жатқандар Қазақстан аумағына өткізілмейді. Экипаж құрамына да порттарға шығуға рұқсат жоқ. Уақытша шектеу шарасы коронавирус инфекциясынан сақтану мақсатында қолға алынып отыр. Бұған қоса, айлақтарда санитарлық тазалық жұмыстары қатаң сақталуда

Ал өзге бағыттар бойынша порттардың жұмысы штаттық режимде жүріп жатыр. Жыл басынан бері Ақтау халықаралық теңіз сауда портына 163 кеме келіп, 630 мыңнан астам жүк тасымалданды. Ал Құрық портында айына 30 -ға тарта кемемен 120 мың тонна жүк жөн

Аягөз ОРАЛБАЙ


Хабарламаларға жазылу