Сыртқы істер министрлігі Кореядағы қазақстандық азамат туралы мәлімдеме жасады

04.03.2020

Корей елінде жүрген отандасымыздың дені сау және ол ешкімнен, ешқайда қашқан жоқ. Бүгін Сыртқы істер министрілгінің ресми өкілі Айбек Смадияров осындай мәлімдеме жасады. Кеше ақпараттық кеңістікте Сеулде жүрген қазақстандықтың коронавирус жұқтырып, қашып кеткені туралы ақпарат желдей есті. Алайда бүгін бұл ақпараттың жалған екені анықталды. Ал Оңтүстік Корея аумағында заңсыз жүрген Қазақстан азаматтары өз мәртебесіне қарамастан кез келген медициналық мекемеге хабарласып, тексерістен өте алады.

Ғабит БӨКЕНБАЙ


Хабарламаларға жазылу