Маңғыстаудағы теңіз порттары Иран мен Әзірбайжан кемелерін қабылдамайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаудағы теңіз порттары Иран мен Әзірбайжан кемелерін қабылдамайды

04.03.2020

Маңғыстаудағы Ақтау және Құрық теңіз порттары ертеңнен бастап, Иран мен Әзірбайжан елдерінің кемелерін қабылдамайды. Уақытша шектеу шарасы коронавирус инфекциясынан сақтану мақсатында қолға алынды. Сонымен қатар осы мемлекеттерден қатынайтын жүргізушілерімен қоса автокөлік және адам тасымалымен айналысып жүрген паромдарға да қызмет көрсетілмейді. Шетелдік жүк кемелері экипаждарына да шектеу қойылады. Бұған қоса, айлақтарда санитарлық тазалық жұмыстары қатаң сақталуда.  

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ    

Хабарламаларға жазылу