Шымкент Наурыз мерекесін ерекше тойламақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент Наурыз мерекесін ерекше тойламақ

03.03.2020

Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы мәртебесіне ие болуына орай әз-Наурыз мерекесін ерекше тойламақ. Салтанатты шараны 16 мыңнан астам адам тамашалай алады. Ел аумағындағы 37 өнер ұжымы Шымкентке гастрольдік сапармен келіп, көпшілікке өнер көрсетеді. Жалпы, мәдени астана мәртебесіне орай өткізілетін шаралардың 70 пайызы демеушілер есебінен қаржыландырылмақ. Қазір шаһарда осы мерекеге жан-жақты дайындық басталып кетті. 

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу