Короновирусқа байланысты желіде жалған ақпараттар жиі таралуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Короновирусқа байланысты желіде жалған ақпараттар жиі таралуда

02.03.2020

Айғайға аттан қосып, елді дүрліктіріп жатқандар көп. 6-шы қаңтардан бастап елімізде коронавирусқа қатысты 22 жалған ақпарат тараған. Мәселен, кешелі-бері әлеуметтік желілерде Жақсылық Досқалиев айтыпты деген аудиожазба тарады. Сондай-ақ Жамбыл облысына Оңтүстік Кореядан вирус жұқтырған 150 адам келді деген гу-гу шықты. Сабақ тоқтатылып, студенттер үйіне ерте қайтатыны, адамдарға бетперде киіп жүру міндеттелетіні туралы да ақпарат желдей есті. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігі бұлардың бәрін жоққа шығарып, азаматтарды тек ресми хабарға сенуге шақырды.

Айта кетейік, жалған ақпарат таратқандар қатаң жазаланады. Оларға Қылмыстық кодекстің 274-ші бабы бойынша 12 жарым миллион теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін. Тіпті, кінәлілерді 7 жылға дейін бас бостандығын айыру жазасы көзделген. Қазірдің өзінде 6 адамға осы бап бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу