Коронавирус әлемнің 50-ден астам еліне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус әлемнің 50-ден астам еліне жетті

28.02.2020

Соңғы мәліметтерге сәйкес, жұқпалы дерт Нигерия мен Жаңа Зеландияда да анықталып отыр. Осылайша, Нигерия - COVID-19 вирусы тіркелген африкалық үшінші мемлекетке айналды. Ауру симптомдары Италия азаматынан табылды. 

Ал, Жаңа Зеландияға вирустың жетуіне себепші болған адам Ираннан барған. Мұны ел премьер-министрі Джасинда Ардерн хабарлап отыр. Оның айтуынша, қазір Окленд ауруханасында емделіп жатқан 60 жастағы науқастың жағдайы жақсарып келеді.

Қытайдың өзінде коронавирус өткен тәулікте 327 адамнан анықталды. Бұл қаңтардың 23-нен бергі ең төменгі көрсеткіш. Ал, дүниежүзінде қауіпті инфекциядан 2800-дей адам қайтыс болып, оны жұқтырғандар саны 83 мыңнан асып отыр. 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу