АҚШ Ресейге салған санкциясын тағы бір жылға ұзартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Ресейге салған санкциясын тағы бір жылға ұзартты

28.02.2020

2014 жылы Қырымдағы жағдайға байланысты Америка антиресейлік санкцияларды жариялаған болатын. Қазақстандық сарапшылардың пікірінше бұл біздің елдің экономикасына қатты әсер ете қоймайды. Себебі санкциялар қатаңдатылған жоқ, тек бір жылға ұзарды. 2014 жылы санкциядан кейін Ресейдің экономикасы әлсіреп, оның салқыны Қазақстанға да сезілген болатын. Алайда сарапшылар қазір жағдай тұрақталды деген пікірде. Олардың сөзінше бүгінгі таңда біздің елдің экономикасына бұл санкцияға қарағанда короновирустан қауіп көбірек болып тұр.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу