Наурыз мейрамын 9 күн тойлау ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Наурыз мейрамын 9 күн тойлау ұсынылды

28.02.2020
Наурыз мейрамын 9 күн тойлау ұсынылды

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Наурыз мейрамын мерекелеудің жаңа тәсілдерді талқылады. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Ғабидолла Оспанқұлов Наурыз мерекесі Қазақстанның әр аймағында әртүрлі тойланатынын атап өтіп, оны біріктіру мақсатында жаңа формат ұсынылғанын айтты. 

«Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты «Азаматтық алаң» атты жаңа пікірталас алаңын ұсынды. Сонда талқыланды. Наурыз мерекесі тойланып келеді, бірақ әр жерде әртүрлі. Сол себепті бәрін қосын біріктіруді жөн көрдік. Алғашқы кездесу аясында пікірталас алаңына қатысушылар Наурыз мейрамын мерекелеуге қатысты жаңа тәсілдерді талқылады. Қоғамдық пікір де ескерілд», - деді вице-министр.

14 наурыз – Көрісу (Амал) күні – туыстармен және достармен кездесіп, амандық-саулық сұрасу күні;

15 наурыз – Шежіре күні – еске алу күні;

16 наурыз – Жайлау күні – табиғатты аялау күні;

17 наурыз – Волонтерлердің қатысуымен игі істер күні/дархандық күні;

18 наурыз – Шымырлық пен шеберлік күні;

19 наурыз – Зияткерлік күні – даналық пен білім күні;

20 наурыз – Жоралғы күні – отбасылық дәстүрлер мен жақсы әдеттер күні;

21 наурыз – Ұлттық тағамдар күні;

22 наурыз – Бұқара күні – көктемгі күн мен түннің теңесу күні. Жаңа өмірдің басталуы және жаңару мерекесі.

Хабарламаларға жазылу