Оңтүстік Корея коронавирус жұқтырудан Қытайды басып озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Корея коронавирус жұқтырудан Қытайды басып озды

27.02.2020
Оңтүстік Корея коронавирус жұқтырудан Қытайды басып озды

Бұл мемлекетте өткен тәулікте 505 адам жұмбақ ауруға шалдыққан. Ал, Қытайда – 433. 

Қазір Кореяның барлық сауда орындары мен көліктерінде жаппай дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, мұнда COVID-19 вирусынан 13 адам қайтыс болды. Құрбандар саны алдағы күндері тіпті көбеюі мүмкін. 

Өйткені, Иса Пайғамбар шіркеуінің 220 мыңдай мүшесі скринингтен өтіп жатыр. Айта кетсек, Кореяда коронавирусқа шалдыққандардың 600-і дәл осы құпия сектаның өкілдері.

Жалпы алғанда, жұқпалы ауру планетаның 40-қа жуық еліне жетіп, одан бүгінге дейін 2740-тан астам адам қайтыс болып, 80 мыңдайы науқастанып жатыр.

АРЫСТАН РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу