Ауа райының күрт бұзылуына байланысты еліміздегі жолдарда жүріп-тұру қиындаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райының күрт бұзылуына байланысты еліміздегі жолдарда жүріп-тұру қиындаған

27.02.2020

Ауа райының күрт бұзылуына байланысты бүгін еліміздің бірқатар аймақтарында сабақ тоқтап, жолдарда жүріп-тұру қиындаған. Жергілікті білім басқармалары таратқан мәліметке сай: Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Қостанай, Көкшетау және Қарағанды облыстарында сабақ тоқтаған. Теміртаулық оқушылар да үйде отыр. Хабарландыруға сай 0-ден 9 –шы сынып оқушылары ғана сабақтан босады. Алайда, 10 және 11 сынып оқушыларының ата-аналары балаларын мектепке жібермейміз деп шешсе, қарсылық жоқ деп көрсетілген. Еліміздің бірқатар өңірлерінде нөсер жауып, көшені су басты. Кейбір аймақта көктайғақтан жүру қиындаған. Құтқарушылар қажеттілік болмаса далаға шықпауға кеңес береді. Ал, «Қазавтожол» мекемесі таратқан мәліметке сай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында барлық жолдар жабылды. Қарағандыда кеше күні бойы жауған жаңбырдың соңы қарға ұласты. Салдарынан бүгін көктайғақ. 

Қазір де қар қылауытып, жел соғып тұр. Ал, Елорда әуежайында 6 рейс кейінге шегерілді. Оның үшеуі халықаралық бағыт.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу