Президент «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы С.Мыңбаевты қабылдады

26.02.2020

Жолаушылар тасымалының сапасын арттырып, жүк тасымалының көлемін ұлғайту керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік Қоғамы басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевқа осындай тапсырма берді. Сондай-ақ контейнерлік транзит пен отандық тауарлардың үлесін көбейту міндеті жүктелді. Ал Сауат Мыңбаев компанияның былтырғы жұмысын қорытындылады.

Альбина ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу