Иранда жоғары лауазымды екі саясаткер коронавирус дертін жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда жоғары лауазымды екі саясаткер коронавирус дертін жұқтырды

26.02.2020

Олардың бірі – денсаулық сақтау министрінің орынбасары, екіншісі – парламент мүшесі. Қазір науқастар толықтай оқшауландырылып, ем қабылдауда. Бұл жағдай халықты қатты алаңдатып отыр. Себебі, елде өршіп тұрған инфекциядан 16 адам көз жұмып, оны жұқтырғандар саны 95-ке жеткен. Мамандардың айтуынша, шын мәнінде ауруға шалдыққандар әлдеқайда көп болуы мүмкін.

Ал Испанияда жұқпалы дерттің кесірінен, бүкіл бір қонақүйдің меймандары карантинге жабылды. Өйткені, Канар аралдарына демалуға барған италиялық ерлі-зайыптылардан COVID-19 вирусы анықталған. Енді, отельдегі 800-ден астам турист сынама тапсыруы тиіс. Сонымен қатар, жуықта Италияға барып келген Барселона тұрғыны да инфекцияны жұқтырғаны белгілі болды. 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу