Павлодар қаласында мектепаралық волонтерлар форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар қаласында мектепаралық волонтерлар форумы өтті

26.02.2020

Оған 500-ден астам оқушы қатысты. Шара шеңберінде жеткіншектер көптеген жобаларды ел назарына ұсынды. Олар әр саладан түрлі бағыттарды қамтиды. Мәселен, қазірдің өзінде облыс орталығында ондаған волонтерлық ұйым жұмыс істейді. Олардың қатарында мыңға тарта волонтер бар. Ал, жиында қала мектептерінде тағы 30 клуб ашу туралы шешім қабылданды. Ал, № 24 мектептің оқушылары облыс орталығында өткізілетін әлеуметтік қолдау шараларғада мейлінше ат салыспақ. 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу