«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы «Жәутеңдеп бала жүрмесін!» тақырыбымен бейнероликтер топтамасын әзірледі. Оның кейіпкерлері - еліміздегі Балалар үйінің тәрбиеленушілері.
Жобада ата-ана қамқорлығына мұқтаж балалар туралы жан-жақты ақпарат беріледі. Сонымен қатар балаларды қамқорлығына алғысы келетін жандар үшін орталық мекенжайлары мен арнайы телефон нөмірлері көрсетілген.
Мақсат - осы арқылы әр баланың толық отбасында тәрбиеленіп, ата-ананың аялы алақанын сезініп өсуіне ықпал ету.
Бейнероликтер топтамасы Ұлттық арна эфирінен күн сайын беріледі.