Қазақстан мен Еуропалық Одақ серіктестіктің жаңа кезеңіне қадам басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Еуропалық Одақ серіктестіктің жаңа кезеңіне қадам басты

26.02.2020

1 наурыздан бастап екі тарап арасында кеңейтілген ынтымақтастық туралы келісім күшіне енбек.

Ол туралы елбасының кеңесшісі Әділ Тұрсынов «Казахстанская Правда» газетіне мақала жазды. Онда бұл ұйым біздің елдің сауда және инвестиция саласында бірінші орында тұрған серіктесі екені айтылған. Мәселен, былтыр Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ортақ сауда айналымы 31 миллиард доллардан асқан. Бұл еліміздің жалпы сауда айналымының үштен бірі. Ал, жаңа келісімде осы ынтымақтастықты дамыту көзделген. Құжат сауда, инвестициялар, инновациялар және инфрақұрылымдық даму сияқты қызметтің 29 саласын қамтиды.

Аманкелді Сейітхан  

Хабарламаларға жазылу