Пластикалық операцияларға жүгініп, ажарланамын деп ажал құшқан жайттар жиі тіркеле бастады. Бұған не себеп? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пластикалық операцияларға жүгініп, ажарланамын деп ажал құшқан жайттар жиі тіркеле бастады. Бұған не себеп?

25.02.2020

Қаскелеңде әжімін кетіремін деп көз жұмған 59 жастағы Нәжия Мұртазинаның өліміне клиниканың талапқа сай болмауы себеп,- деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігінен. Арнайы комиссия мүшелері тексере келе мекеменің лицензиясы болмағанын, тіпті дәрігердің сертификаты да жоқ екенін анықтады. Соңғы уақытта ажарланамын деп ажал құшқан жайттар жиі тіркеле бастады. Бұған не себеп?

Құзырлы органдар медициналық мекемелерді тек шағым келіп түссе ғана тексеруге құқылы. Сондықтан заңсыз қызмет еткен пластикалық орталықтарды дер кезінде анықтау мүмкін емес. Заңның осал тұсы да осы.

Клиникаға келушінің қауіпсіздігіне ешқандай кепілдік берілмейді. Осындай қауіптерге қарамастан тәуекелге бейім арулар азаймай тұр. Пластикаға жүгінушілердің көбі қабақ тартып, кеудесін үлкейтіп, бет терісін түзетеді. Операция құны 35 мыңнан басталып, 2 миллион теңгеден асады екен.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу