А.Атамбаевқа және оның жақтастарына айыптау актілерін тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

А.Атамбаевқа және оның жақтастарына айыптау актілерін тапсырды

25.02.2020

Қырғызстанның бас прокуратурасы елдің экс-президенті Алмазбек Атамбаев пен оның жақтастарына айыптау актілерін ресми түрде табыстады. Мұны бүгін бұрынғы мемлекет басшысының кеңесшісі Құндыз Жолдыбаев «Фейсбуктегі» парақшасы арқылы хабарлады.

Оның сөзінше, айыпталушылар тізіміне бас-аяғы 14 адам іліккен. Оларға Қой-Таш оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды, адамдарды кепілге алды деген кінә тағылып отыр.

Айта кетсек, қырғыз арнайы күштері бұл ауылда Атамбаевты ұстау операциясын былтыр тамыздың 7-8-і күндері жүргізгені белгілі.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу