Қытай дәрігерлері коронавирус қай жануардан жұғатынын анықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай дәрігерлері коронавирус қай жануардан жұғатынын анықтады

25.02.2020
Қытай дәрігерлері коронавирус қай жануардан жұғатынын анықтады

Панголин деп аталатын жануар коронавирустың жаңа түрінің тасымалдаушысы болуы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттің COVID-2019-ға қарсы әрекет ету жөніндегі сараптама комиссиясының басшысы Лян Ваньнянь баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта зерттеулер коронавирустың жаңа түрінің иесі жарқанаттар, ал панголиндер аралық иесі болуы мүмкін екенін көрсетіп отыр», - деп мәлімдеді Лян Ваньнян.

Бұған дейін Оңтүстік Қытай ауыл шаруашылығы университеті мен Гуандундағы заманауи ауыл шаруашылығы зертханасының ғалымдар тобы зерттеу жүргізіп, коронавирустың жаңа түрінің аралық иелері панголиндер болуы мүмкін екенін айтты. Кейін ҚХР Ғылым және техника министрлігінің ғылыми-техникалық даму басқармасының басшысы У Юаньбиннің пікірінше, коронавирустың ең ықтимал көзі жарқанат деген тоқтамға келді.


Хабарламаларға жазылу