Трамп коронавируспен күреске конгрестен 2,5 млрд доллар сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп коронавируспен күреске конгрестен 2,5 млрд доллар сұрады

25.02.2020
Трамп коронавируспен күреске конгрестен 2,5 млрд доллар сұрады

Ақ үй әкімшілігі мәлімдемесіне сәйкес, Дональд Трамп жаңа коронавируспен күресу үшін АҚШ Конгрессінен қосымша 2,5 миллиард доллар сұрады.

«Бүгінгі таңда әкімшілік вакцинаға қарсы күресті жеделдету, дайындық пен реакцияны қолдау, қажетті құрал-жабдықтар мен материалдарды сатып алу үшін Конгресске қосымша 2,5 миллиард доллар қаржы жоспарын жіберуде», - деп хабарлады Рейтер агенттігі.

Трамптың өзі АҚШ-тағы коронавирусқа қатысты жағдай бақылауда екенін айтты: «Коронавирус АҚШ-та бақылауда. Біз осыған байланысты барлық елдермен байланыстамыз», - деп жазды Твиттерде. 

24 ақпандағы жағдай бойынша АҚШ-та 14 адамнан вирус анықталған. Барлығы 425 американдық коронавирусқа тексерілді.

Хабарламаларға жазылу