«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына арналған «Вaspana.kz» сайты ашылмақ

07.09.2017

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандардың ортақ базасы құрылды.  Бұл туралы бүгін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты. Енді салымшылар үй таңдау мен тұрғын үй кешенінің құрылысын өздері бақылай алады. Бұл мақсатта арнайы «Вaspana.kz» порталы іске қосылмақ. Сондай-ақ, банк клиенттері операторлармен бейнебайланыс арқылы да сөйлесіп, кез келген сұрағына жауап алады. Әзірге жаңа жүйе Алматы мен Орал қалаларында іске қосылған. Келешекте еліміздің бүкіл қаласында енгізілмек.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу