Есеп комитеті «Самұрық-Қазына», «ҚазАгро», «Бәйтерек» холдингтерін тексеріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есеп комитеті «Самұрық-Қазына», «ҚазАгро», «Бәйтерек» холдингтерін тексеріп жатыр

24.02.2020

«Самұрық-Қазына», «ҚазАгро» мен «Бәйтерек» холдингтері мемлекеттік ресурстарды тиімсіз пайдаланған. Есеп комитеті арнамыздың ресми сұрауына осындай жауап қатты. Белгілі болғандай, бұлардың сатып алу рәсімдерінде айқындық жоқ. 

Айта өтейік, іс жүзінде үш холдингтің экономикада үлесі төмендемей отыр. Ал жиынтық активтері 32 триллион теңгеден асады. Бірақ мемлекетке төлейтін дивиденттері мен таза кірістері арасында айырмашылық бар. Сондықтан комитет Үкіметпен бірлесіп аталмыш компаниялармен еншілес ұйымдарының тиімділіктеріне талдау жүргізбек. Нәтижесі наурыз-сәуір айларында өтетін аудит кезінде белгілі болмақ. 

Хабарламаларға жазылу