Финляндияның 8 агротехникалық компаниясы қазақстандық кәсіпорындармен бірлесе жұмыс істеуге әзір - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Финляндияның 8 агротехникалық компаниясы қазақстандық кәсіпорындармен бірлесе жұмыс істеуге әзір

07.09.2017

Бұл туралы бүгін «ЭКСПО» көрмесі аясында өткен екі ел кәсіпкерлерінің кездесуінде айтылды. Жалпы, фин елі ауыл шаруашылығына арналған техникаларды шығару жағынан әлемдік нарықта жетекші орында. Әрі олар маусымның кез келген уақытына төзімді болып келеді. Бұдан бөлек, мал, егін, орман шаруашылығы да жақсы дамыған. Екі елдің ұқсастығы да осында. Мақсат-мүддесі бір қос тарап алдағы уақытта шаруаны бірлесе қолға алуды көздеп отыр.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу