Күштеп қоныс аударылған немістердің ұрпақтары қазақ халқына алғысын ұмытпайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күштеп қоныс аударылған немістердің ұрпақтары қазақ халқына алғысын ұмытпайды

24.02.2020
Күштеп қоныс аударылған немістердің ұрпақтары қазақ халқына алғысын ұмытпайды

Сталиндік режим кезіндегі әр жылдарда 800 мыңға жуық неміс, 102 мың поляк, 550 мың Солтүстік Кавказ халықтарының өкілі, 18,5 мың Қиыр Шығыстағы корей отбасы Қазақстанға күштеп қоныс аударылды. 

«Олар адам төзгісіз жағдайда мал таситын вагондармен жеткізілді. Көбісі қиындыққа шыдамай, пойыз ішінде көз жұмған. Қазақ даласына келгенде жылы киімі де болмаған. Адамдарды вагоннан суырып алып, қардың үстіне лақтырған. Үйлерінен тамыз айында кеткен олар қазан-қарашада Қазақстанға жеткен» - дейді неміс ұлтының өкілі Лидия Цельсдорф отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында. Олардың арасында Л.Цельсдорфтың әкесі де болған. 

Дүниенің түкпір-түкпірінен жер аударылғандарға қазақ елі жатырқамай, достық құшағын ашты, олардан көмегін аямады. Лидия Цельсдорф әжесінен сол кезде көп адамның қазақ халқының мейірімділігінің арқасында тірі қалғанын естіп өсті. Бүгінде күштеп қоныс аударылған немістердің ұрпақтары әлемнің түкпір-түкпіріне тарап кетсе де, қазақ халқына деген алғысын ұмытпайды.


Хабарламаларға жазылу