Зайсандағы дүрбелеңнен соң аудан әкімі ауысты

24.02.2020

Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан ауданына жаңа әкім тағайындалды. Өңір басшысы Даниал Ахметов Серік Зайнулдинді өңір жұртына ресми түрде таныстырды. Серік Зайнулдин бұған дейін Үржар ауданының әкімі қызметін атқарды. Ал 2010-2013 жылдар аралығында осы Зайсан ауданын басқарған. 

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Зайсан ауданына қарасты Сартерек және Айнабұлақ ауылдарының тұрғындары Қытайда коронавирус жұқтырғандар аудан амбулаторияларына жатқызылады деген қауесетке сеніп, алаңдаушылық білдірген еді. Халыққа мән-жайды түсіндірген облыс әкімі ешқандай қауіптің жоқтығын мәлімдеді.


Хабарламаларға жазылу