Елордада «Бұрқасын» атты ерекше сайыс өтті

23.02.2020

Әуелі әлеуметтік желіде тараған мынадай бейнежазба: Ақмола облысы Целиноград ауылы Қараөткел ауыл округінің тұрғыны омбы қар басқан үйінің терезесі орналасқан жерінен қойма жасап қойған.

Бұл езу тартқызатын бір оқиға шығар. Биылғы қарлы-боранды қыстың солтүстік, солтүстік-шығыстың жұртын бүрістіріп қойғаны шын. Ұлттық арнаның тілшілері Ақмола облысы Шортанды ауданы орталығынан 5 шақырым жердегі Новографск ауылының құрсауда қалғаны туралы репортаж дайындаған еді.

Новографск ауылында 20-дан аса үй бар. 200-ге жуық адам тұрады. Көбінің қызметі қалада. Кейбірі апталап жұмысқа бармаған. Балалар да сабаққа бара алмай жүр.

Жолды қалың қардан аршып жатқан Новографск ауылындағы шаруа қожалығының жалғыз техникасы. Одан басқасы жоқ...Елімізде қар басып, қиналған ауыл бұл бір емес. Нұр-Сұлтанның маңында да солай. Тіпті Нұр-Сұлтан қаласының өзі аршылып біткен жоқ.

Дегенмен қалың қардың пайдасы да бар – мысалы, қаланың кеңседен шықпайтын тұрғындары арасында жарыс ұйымдастыру.

Ғабит Бөкенбай қарға көмілген қала көріністерін фон етіп қойып, бойды, ойды сергіткен «Бұрқасын» деген атауы бар сайысты түсірді. Тазаланбағаннан тар болып қалған даңғыл жолдар туралы айтқаны қолдан жасалған қиындықтардың кесірінен бар мүмкіндікті пайдалана алмай отырған жалпы қалыпты меңзегені.


Хабарламаларға жазылу