Қор биржасындағы таңғы сессияға сай, 1 юань – 53 теңгеге тең. Яғни соңғы бір айда шамамен 5 теңгеге арзандаған.
Аспан асты елінің ақшасы әлсіреп жатқаны еліміз үшін кері әсер етуі мүмкін дейді сарапшылар. Өйткені мұнда өндіріс көлемі азайып, экспорт қысқарып жатыр. Салдарынан Қазақстанға келетін Қытай өнімдері де азаюы ықтимал. Ал тапшылық бар жерде құнның да шарықтайтыны белгілі. Сондықтан «made in China» деген жазумен келетін түрлі техника, киім-кешектен бастап, жеміс-жидекке дейін сәл қымбаттауы ғажап емес. Ал юаньнің әлсіреуіне АҚШ-пен арадағы сауда соғысы және короновирус себеп дейді экономистер.
Досжан МАРАТҰЛЫ