«Qazsport» телеарнасы Жазғы Токио Олимпиадасын көрсету бойынша келіссөздер жүргізуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazsport» телеарнасы Жазғы Токио Олимпиадасын көрсету бойынша келіссөздер жүргізуде

19.02.2020

«Qazsport» телеарнасы жазғы Токио Олимпиадасына қызу дайындалып жатыр. Қазіргі таңда келіссөздер жалғасуда. 200-ге тарта тікелей көрсетілім мен бағдарлама көрермен назарына ұсыну жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін телеарнаның қоғамдық кеңесінде айтылды. Бұдан бөлек еліміздегі жалғыз спорттық арнаның атқарған жұмыстары мен биылғы жоспары талқыға салынды.

Олимипидаға дайындықты арна ұжымы былтыр бастап кетті. Ел намысын қорғайтын спортшыларды көпшілікке таныстырып, насихаттап жатыр. Қазіргі таңда Токио ойындарына спортшыларымыз 29 жолдама алып үлгерген.

Ал 2019 жылы телеарна еліміздегі спорттық шаралардан 525 тікелей көрсетілім ұйымдастырды. Бұл арна тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Биыл да жерігілікті жарыстарды мейлінше қамту негізгі мақсат. Сондай-ақ, телеарна ұлттық спорт түрлерін насихаттауға да үлкен үлес қосып келеді.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу