Бүгін елордада Мәскеу мен Астана қалаларының іскерлік ынтымақтастық форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін елордада Мәскеу мен Астана қалаларының іскерлік ынтымақтастық форумы өтті

23.08.2017

Мұнда қос қаланың қарым-қатынасын одан әрі нығайтып, бірлесіп қолға алған жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Аталған шарада лауазымды тұлғалар мен кәсіпкерлер өзара пікір алмасып, ортақ мәселелерді сарапқа салды. Әсіресе, ресейлік кәсіпкерлердің Қазақстанмен, оның ішінде елордамен іскерлік қарым-қатынас жасауға қызығушылықтары жоғары екендіктері байқалды. Сонымен қатар, форум аясында еліміздің бас қаласында қолға алынып, қолданысқа енгізуді жоспарлап отырған «Ақылды қала» жобасы туралы да сөз болды.

Хабарламаларға жазылу