Чехияда құс тұмауына байланысты 140 мың құстың көзі жойылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чехияда құс тұмауына байланысты 140 мың құстың көзі жойылмақ

18.02.2020

Чехияда құс тұмауы анықталған фабрикада 140 мыңға жуық тауық пен күркетауықтың көзі жойылмақ. Бұл турасында осы елдің ауыл шаруашылық министрі Мирослав Томан хабарлады. Оның айтуынша, зарарлы аумақтан 3 шақырым жерде тағы бір қожалық орналасқан. Сондықтан, ондағы 120 мың құсқа да тұмау қаупі төніп тұр.

Бұл індет Чехияда жыл басынан бері екінші рет қайталанып отыр. Осыған дейін H5N8 инфекциясынан елдің шығысындағы ферма зардап шегіп, ондағы үй құстарын өлтіруге тура келген. Биыл қанаттылардың дерті Орталық Еуропаның басқа мемлекеттерінде де белең ала бастады. Сондықтан, эпидемияның таралмауы үшін фабрикалар босатылып, шаруаларға өтемақы төлеу мәселесі қарастырылып жатыр. 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу