Желіде жалған ақпарат таратқан 50 жастағы елордалық азамат сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Желіде жалған ақпарат таратқан 50 жастағы елордалық азамат сотталды

18.02.2020

Арандатам деп арандап қалды. Әлеуметтік желіге ұлтаралық дүрдараздықты қоздыратын ақпарат таратқан елордалық азамат сотталды. Енді екі жылын қапаста өткізеді. Жалпы, елімізде жалған ақпарат таратудың жазасы қатаң. Бірақ соған қарамастан елімізде жаңалықтың рас-өтірігіне көз жіткізбестен жария етендердің қатары әлі де азаймай отыр.  

Атын да, түрін де жасырғанмен, ол қылмысын жасыра алмады. Жасы елуді еңсерген елордалық екі жылға қамалды.  

Жалған ақпарат таратып жазықты болған жалғыз бұл азамат емес. Түрлі тақырыпта фэйк жасап жүргендер жетерлік. Олар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

Өкінішке қарай, әлеуметтік желідегі құқықтық жауапкершілікті көбіміз біле бермейміз. Білген күннің өзінде ескере бермейді. Ал ғаламтордағы бір жазбаңыз, теміртордағы ауыр жазбаға әкелуі мүмкін. 

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ



Хабарламаларға жазылу