Биылғы 6 айда Қазақстан 5300 тонна ет экспорттаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биылғы 6 айда Қазақстан 5300 тонна ет экспорттаған

16.08.2017

Кейбір өңірлер «аусылдан азат аймақ» деген мәртебе алған. Бұл ет экспортын арттыруға мол мүмкіндік бермек. Дегенмен, биылғы 6 айда Қазақстан құс, қой, ірі қара етін есептегенде небәрі 5300 тонна ет экспорттаған. Ал, жоспар бойынша Ауыл шарушылығы министрлігі былтырдың өзінде 60 мың тонна ірі қара мал етін сыртқа сатуы керек еді. Ол үшін арнайы жоба қабылданып, қаржы да бөлінген. Бірақ, былтыр меженің бестен бірі ғана орындалды. Ауыл шаруашылығы министрлігі «енді ет экспорттауды 2021 жылға қарай дамытамыз», - деп отыр.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу