Еліміздің физигі Ізетәлі Тілешев жаһанды таң қалдыратын жаңалықтар ашатынын айтты. Ол мұны өзінің «Ғаламның жаратылуы: бірыңғай кеңістік теориясы» атты ғылыми ізденісімен дәлелдемек. Яғни, ғалымның пікірінше, әлемнің қалай пайда болғаны туралы тұжырым көп. Және соған қарама-қайшылықтар да бар. Салдарынан физикалық құбылыстар толық ашылмайды. Студенттермен кездесуінде физик өз еңбегінде сол кемшілікті түзеуге тырысқанын жеткізді.
Нысаналы Ығыл