Жыл басынан бері қандалаға қарсы удан 11 адам зардап шекті

17.02.2020

Ақтауда тағы бір отбасы қандалаға қарсы удан, ажал құша жаздады. Абырой болғанда дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетіп, 3 адамды аман алып қалды. Бұл бір жарым айда тіркелген 4 оқиға. Барлығы 11 адам зардап шекті. Мамандар дабыл қағуда.

Пәтерін қандалаға қарсы улаған тұрғын, арнайы мекеменің көмегіне жүгінген. Бірақ қауіпсіздікті соңына дейін ескермеген. Бір тәуліктен кейін пәтерін желдетіп, тазаламастан ұйқыға кеткен. Ауруханадан бір ақ шыққан 56-жастағы әйел мен оның 2 баласын дәрігерлер аман алып қалды.

Былтыр 13 оқиға тіркеліп, 3 адам қайтыс болды. Оның екеуі бала. Ал биыл 1,5 айдың ішінде 11 адам ажал құша жаздады. Мамандар мәселе бақылаудың жоқтығында дейді. Дезинфекциялық мекемені де, базардағы улы препараттарды да ешкім тексермейді.

Соңғы 2 жағдайда да тұрғындар пәтерін «БИ-58» препаратымен улаған. Мамандар оның тұрғын үйге арналмағанын айтады.

Үш адам өліп, бірнеше тұрғын зардап шексе де жергілікті билік осы уақытқа дейін қам-қарекетсіз отыр. Әкімдік мәселені енді ғана қолға алмақшы. Маниториг тобын құрып, қарабазарды бақыламақ.

Аягөз ОРАЛБАЙ


Хабарламаларға жазылу