Тәтті тоқаштарды жарысып жеген қыз кенеттен өліп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәтті тоқаштарды жарысып жеген қыз кенеттен өліп кетті

17.02.2020
Тәтті тоқаштарды жарысып жеген қыз кенеттен өліп кетті

Мәскеуде өткен тәтті тоқаш жеу сайысында 23 жастағы қыз қайтыс болды. Ол байқауда жеңу үшін тәттіні обығып жеп, соңғы сәтте қақалып, есінен танып қалған.

Оқиға Killfish барында болған. Қарсыластарын шаң қаптырмақшы болған қыз бір дегенде екі тоқашты жеуге тырысқан. Алайда тәттіден түйіліп, қайтыс болып кеткен. 

Қасындағылардың ешқайсысы оған көмектесе алмаған. Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына жеткенде қыздың қайтыс болғанын анықтады. 

Қазір сот медициналық сараптама жүргізілуде.

Хабарламаларға жазылу