«Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды. Содан бері не өзгерді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды. Содан бері не өзгерді?

15.02.2020

Ұстаздардың құқығы, шайлығынан артылмайтын айлығы бүгінде, бұрын да күн тәртібінен түспеген тақырып.

Білім және ғылым министрінің өзі айтты, кей өңірлерде мұғалімдерді 130 құжатты толтыруға мәжбүрлеген. 130! Ең сорақысы, солардың талайы түкке керегі жоқ қағаздар екен. Енді сондай сорақылық орын алса, ұстазды жұмсамаса тамағынан ас өтпейтін шенеуніктерге 20 мен 120 айлық есептік көрсеткіш аралығында айыппұл салынады. Бітті. 

Президент ұстаздарға қатысты түйткілдің бәрін тізіп берді, атқарылуы керек шаруаларды және шегелеп көрсетті. Болды. Бұған дейін, мұңайып жүрген мұғалімге болыссаңшы дегенде жергілікті жердегі қарны тоқ әкім-қаралар «арнайы заң болмаған соң, қол-аяғымыз жіпсіз байланып тұр» деп майланып тұрған ұрттарын сүртетін еді. 

Нүктесін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қойды. «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды. 

Еркін СЪЕЗҰЛЫ 


Хабарламаларға жазылу