«Ұлт жоспары 100 нақты қадамның» 65-і жүзеге асқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлт жоспары 100 нақты қадамның» 65-і жүзеге асқан

14.02.2020

 «Ұлт жоспары 100 нақты қадамның» 65-і орындалды. Бұл туралы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізген Премьер-Министр Асқар Мамин айтты.

Оның сөзінше, кеден және салық жүйесін реформалау, білім беру мен медицинаны жетілдіру, қоғамдық кеңестердің рөлін күшейтуде алға жылжу бар. Үкімет басшысы осы қарқынды жоғалтпай Ұлт жоспары мен Президент жолдауын сапалы жүзеге асыру үшін белсенді жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Аманкелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу