Баспанаға қатысты арыз-шағым көп

14.02.2020

Халықты баспанамен қамту, көпбалалы отбасыларды қолдау және экологияны жақсарту, сондай-ақ тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығындағы қордаланған мәселелерді шешу. Тұрғындармен кездескен Павлодар облысының әкімі осындай негізгі міндеттерді атап өтті. Бір айда әкімнің жеке парақшасына 6 мыңға тарта хабарлама түскен. Әрбір үшінші арыз баспанаға қатысты.    

Бүгінде 27 мың адам пәтер кезегінде тұр. Былтыр көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту үшін 1 млрд 200 млн теңге қаражат бөлініп, Екібастұз және Ақсу қалаларынан 150 пәтер сатып алынды. Қазір үйсіз жүргендердің дені - бюджеттік саладағы және мемлекеттік қызметкерлер. Сондықтан ең әуелі тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға басымдық берілмек.

Болат Аманбаев  

Хабарламаларға жазылу