Жаза қатайғалы сотқа жүгінетіндер азайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаза қатайғалы сотқа жүгінетіндер азайған

14.02.2020

Биыл әкімшілік жазалар күшейтілгелі Нұр-Сұлтан қаласында сотқа жүгінетіндер саны азайған. Бұл туралы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Уәлихан Рахматуллаев айтты.

Мәселен, мас күйінде көлік жүргізген азаматтарға қатысты былтыр алғашқы 1,5 айда 181 іс қаралса, биыл 27 ғана іс түскен. Ал миграция бойынша өткен жылы 680 іс болса, биыл 125 қана. Сондай-ақ, ұсақ бұзақылықтарға қатысты былтыр 549, биыл 44 іс қана сотқа жеткен.

Аманкелді Сейітхан 


Хабарламаларға жазылу