Білім министрі: Мектеп директорлары жалақысын екі есе өсіре алады

14.02.2020
Білім министрі: Мектеп директорлары жалақысын екі есе өсіре алады

Солтүстік Қазақстан және орталық өңірлерде директорлар мен олардың орынбасарларының тапшылығы мәселесі туындап отыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Директорлар үшін жай ғана мұғалім болып істеген ыңғайлы. Директорлардың жауапкершілігі жоғары және қағазбастылық көп, балалармен жұмыс істеу деңгейі де өзгеше. Бар мәселе – ынталандыруда, яғни директорлардың айлығы мұғалімдердің айлығынан төмен. Осы орайда жалақыны 2 есеге арттыру директорлар мен олардың орынбасарларына да қатысты болмақ. Ендігі кезекте директорлар өз шеберліктеріне байланысты санаттарға бөлініп, өз жалақыларын 2 есеге, яғни 100 пайызға арттыру мүмкіндігіне ие. Директорларды да қолдайтын боламыз»,- деді А.Аймағамбетов журналистерге берген сұхбатында.

Хабарламаларға жазылу