Қытайда COVID-19 вирусына шалдыққандарды жаңа әдіспен емдей бастады

14.02.2020
Қытайда COVID-19 вирусына шалдыққандарды жаңа әдіспен емдей бастады

Қытай дәрігерлері коронавирустан жазылған адамдарды басқа науқастарға көмектесу үшін қан тапсыруға шақырды.

Ухан ауруханасының директоры Чжан Диннің айтуынша, індеттен сауыққандардың қанында вирусқа қарсы тұратын антиденелер бар. Сондықтан ол емделіп, ауруханадан шығарылған жандарды көмек көрсетуге шақырды.

Дәрігерлер оннан астам ауыр халдегі науқасқа осындай плазмадан алынған препараттарды құйған. Нәтижесінде сырқаттардың жағдайы едәуір жақсарған. Әзірге COVID-19 вирусына шалдыққандарды емдеудің ең тиімдісі осы әдіс болып тұр. Өйткені вирусқа қарсы дәрі немесе вакцина жоқ.

Қытайда короновирустың жаңа түрін жұқтырғандардың саны 63,8 мыңға жетті. 1380 адам қайтыс болды. 6723 науқас емделіп, ауруханадан шығарылды. Қазіргі уақытта науқастармен тығыз байланыста болған 178 мың адам дәрігерлер бақылауында.

globaltimes.cn, Фото: GLOBAL LOOK PRESS

Хабарламаларға жазылу