Жемқорлыққа бейім 5 министрліктің тізімі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жемқорлыққа бейім 5 министрліктің тізімі шықты

13.02.2020

Жемқорлықпен құзырлы орган ғана емес қоғам болып күресу керек. Жыл басталмай жатып қаңтарда 1000-ға тарта қылмыстық іс қозғалды. Ол үшін қаулыға түзету енгізілді. Екі күннен кейін күшіне енеді. Жаңа өзгеріске сәйкес пара көлемінің 10 пайызы соны әшкерелеген адамға беріледі. Тіпті, бопсалаған сомасы үлкен болса 10 миллионнан 600 мың теңгеге дейін олжалай алады.

Аталған жүйе үш жылдан бері бар. Сол аралықта 708 адам жемқорлықтың жолын кесіп, 99 миллион теңге олжалады.

Көпшіліктің ойы арнайы агенттіктің жыл қорытындысын көрсетіп отыр. Коррупцияшыл 5 министрліктің тізімі мынау. Кері көшті Ішкі істер құрылымы бастап тұр. 297 шен таққан шектен шыққан. Бұдан кейін 49 маманы парамен шатылып Қаржы министрлігі жайғасты. Қорғаныс саласында 29, индустрия және инфрақұрылымдық дамудан 20 адам бар. Ал ауыл шаруашылығы бағытында бір адамға аз.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу