Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Е.Досаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Е.Досаевты қабылдады

13.02.2020

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдап, қаңтар айындағы қаржы-кредит саясатының жүзеге асырылу барысын тыңдады. Ерболат Досаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін берген тапсырмаларының орындалуы жөнінде мәлімдеді. Сонымен қатар Ұлттық қорды басқарудың 2019 жылғы есебі берілді.  

Саламат ОМАШ


Хабарламаларға жазылу