Алматы облысының шалғай ауылдың шаруалары тыңайтқыш тапшылығын көруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының шалғай ауылдың шаруалары тыңайтқыш тапшылығын көруде

12.02.2020

Алматы облысының шалғай аудандарындағы шаруалар бірнеше жыл қатарынан тыңайтқышқа қол жеткізе алмай келеді. Себебі өнімді жеткізу қымбат. Талдықорған-Өскемен тас жолын жөндеу басталғалы жағдай тіптен күрделенді. Әсіресе шығынға белшеден батқан Алакөл ауданының диқандары көктемгі дала жұмыстарында тағы да қиналатынын айтды.

Аудандағы 100-деген шаруашылыққа тыңайтқышты тасып алу машақатқа айналды. Өнімді сатып алуға кеткен қаржының 50 пайызы мемлекет есебінен өтелгеннің өзінде, басқа да шығындар қалтаны қағады. Талдықорған-Өскемен жолы да жуыр арада жөнделіп бітпеді. Тығырықтан шығар бір ғана жол- тыңайтқышты теміржолмен жеткізу.

Жалпы Алматы облысына жылына шамамен 50 мың тонна тыңайтқыш қажет. Көп жерде тасымал мәселесі тұрақты шешілген. Жол жөнделіп бітпейінше өңірдегі үш ауданның шаруаларына біраз бейнеттенуге тура келеді.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу