«Kazakh Invest» құрылған 100 күн ішінде елімізге құны 10 млрд. долларға жуық инвестиция тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazakh Invest» құрылған 100 күн ішінде елімізге құны 10 млрд. долларға жуық инвестиция тартылды

13.07.2017

Бұл туралы бүгін компанияның басқарма төрағасы Мақсат Қабашев мәлім етті. Биыл 1 сәуірде жұмысын бастаған ұлттық компания аз уақытта 32 ірі инвестормен келісімге келген. Қазіргі уақытта оларға жер алып беру, құжатын реттеу секілді жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр. Түрлі деңгейдегі 90 кездесу өткізген. Компания жыл соңына дейін шет мемлекеттердегі өкілдіктер санын 7-ге жеткізуді жоспарлап отыр.  

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу