Ливанда демонстранттар мен полицейлер қақтығысып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ливанда демонстранттар мен полицейлер қақтығысып қалды

11.02.2020

Ливан астанасында демонстранттар мен полицейлер қақтығысып жатыр.

Манифестанттар қауіпсіздік күштеріне тас атса, тәртіп сақшылары оларды тарату үшін су мен газ шашқан. Көшеге шыққан халық министрлер кабинетіне сенім білдірмеуді талап етіп жатыр. Алайда, басшылықтың айтуынша, мұндай сенім қаржылық дағдарысты еңсеруге қажет. 

Айта кетсек, Ливан валютасы соңғы кездері өз құнының үштен бір бөлігін жоғалтты. Сонымен қатар елде инфляция көтеріліп, ақша тапшылығы байқалып, депозиттегі қорды алуға шектеу қойылып отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу